Оңтүстік Қазақстан облысында жүргізуші куәлігінен айыру жөніндегі істер арнайы әкімшілік соттың көшпелі сессияларында қаралатын болады - полиция



"Өткен аптада жол полициясы басқармасында арнайы мамандандырылған әкімшілік соттың екі көшпелі отырысы өтті. Оларда 21 әкімшілік іс қаралды. Барлық материалдар бойынша көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыру жөнінде шешім қабылданды", - деді М. Қожабаев.

Жол полициясының төрағасының түсіндіруінше, бұрын істерді соттың қарауына жіберетін жол полициясы қызметкерлері олардың ақырын қадағаламайтын. "Біріншіден, хаттамаларды дұрыс толтырмау салдарынан кері қайтарылған материалдар көп болса, екіншіден кейде жүргізушілер сотқа мүлдем келмейтін болған", - деді М. Қожабаев.

"Ал ендігі жерде кері қайтарылатын іс деген болмайды", - деп сендірді жол полициясының басшысы. Өйткені, оның айтуынша, тек жүргізушілердің ғана емес, сонымен бірге, жол полициясы қызметкерлерінің де жауапкершілігі де арта түсті. "Құжаттарды толтыруға олар үлкен жауапкершілікпен қарайтын болады: дәлелдерді жалған жасағаны үшін 50 мың теңге көлемінде айыппұл қарастырылған", - деді М. Қожабаев.

Арнайы мамандандырылған әкімшілік соттың судьясы Гүлмира Қыдырбаеваның хабарлауынша, заңнамаға жүргізуші сотқа келмеген жағдайда сырттай шешім шығаруға мүмкіндік беретін өзгерістер енгізілген. "Бұл тәртіп арнаулы құқықтан айыру қарастырылған жаза жүктелетін істерге қатысты", - деді судья.

М. Қожабаев жол қозғалысының ережелерін бұзушылармен күресті күшейте түспекші. "Не біздің жүргізушілер ереже бойынша көліктерін айдап үйренеді, не болмаса, жаяу жүргіншіге айналады", -деп қосты жол полициясының бастығы.