Оңтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 25 бала СПИД-ке шалдықты

СПИД орталығының статистикалық мәліметтеріне сәйкес, ағымдағы жылдың жеті айында облыста 31 адам СПИД-пен ауырған. Сөйтіп, СПИД індетіне шалдыққандар саны 61-ге жетті, олардың 25-і балалар.

"ВИЧ-індеті төрт сатыға бөлінеді. Адам түрлі ауруларға шалдыға бастайтын төртінші сатысы СПИД деп аталады", - деп түсіндіреді СПИД орталығындағылар.

Орталық мәліметіне сәйкес, жалпы ағымдағы жылдың жеті айында ВИЧ-індетін жұқтырған 139 адам анықталған, олардың 39 - балалар. Облыс бойынша ВИЧ-індетін жұқтырғандардың жалпы саны - 1051 адам, олардың ішінде балалар ( 1 тамыздағы жағдаймен) - 124.

Облыстық СПИД орталығының мәліметінше, қазіргі жағдаймен ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны 127-ге жетті, соның ішінде 10 бала қайтыс болған, бір баланы асырап шетелге алып кеткен. ВИЧ індетін жұқтырған аналардың саны 15 болды.