Оңтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері қырым-қанды безгегіне шалдығу оқиғасы сегіз мәрте тіркеліп, төрт адам қайтыс болды

Департаменттің мәліметіне сәйкес, алты айдың ішінде кене шағып алған 68 адам дәрігерлерге келген.

М.Тәжіковтың хабарлауынша, жыл сайын облыста кененің табиғи таралу ошақтарын өңдеуге 2,5-3,5 млн. теңге бөлінеді. Алайда, бұл қаржы мұқият санитарлық өңдеуге жетпейді.

Бас зоологтың мәлімдеуінше, департамент басшылығы аудан әкімдеріне ауруханаларда қырым-қанды безгегімен ауырған адамдардың қанының қорын ұстау қажеттігін ұдайы ескертеді. Өйткені, аурумен ауырған адамның антителосы бар қанын құюдан өзге бұл індетке қарсы дәрі жоқ. “Қазіргі жағдаймен осындай қор тек Созақ ауданында ғана бар”,- деді маман.