Оңтүстік Қазақстан облысындағы арнаулы питомникте өсірілетін Бұхара бұғыларының біразы төлдеді

Питомникті құрудағы басты мақсат- бұхара бұғыларының табиғи ортадағы өсімін қамтамсыз ету болғандықтан оларды қолға үйретуден қазір әдейі бас тартылуда. Сырдария өңірінде Ұлттық табиғи саябағы құрылғаннан кейін бұғылар бостандыққа жіберіледі .

Оңтүстік Қазақстан облысында бұхара бұғыларын өсіру жөніндегі питомник "Тағы табиғатты қорғау жөніндегі Дүниежүзілік қордың" басқаруымен құрылып, қазір сол қордан қаржыландырылып отыр. Бұғылар мұнда Қарашеңгелді аң шаруашылығынан әкелінген.
Табиғи ортадағы бұхара бұғылары сонау 50-жылдарда құртып жіберілген болатын. Бүгінде дүниежүзінде бұхара бұғысының 500-ге жетер-жетпес тұяғы қалып отыр.