"Ата-аналар, әсіресе аудандарда тұратындары жүріп тұру мен баланың бағым-күтіміне көп шығындануда. Сол себепті балаларға мүгедектікке байланысты жәрдемақымен бірге ай сайын материалдық көмек бөлу жөнінде шешім қабылданды",- деді әкім.
Ө.Шүкеевтің айтуынша, басқа қалаларда тұратындар үшін ай сайынғы көмек мөлшері 22,2 мың теңгені құрамақ: 2 мың теңге - жолақысы, 8 мың теңге - тұру құны, 3 мың теңге - ішіп-жем құны, 9,2 мың теңге - жұмыстан қол үзіп қалған күндеріне өтемақы. Облыс орталығының тұрғындары 14,2 мың теңге алатын болады.
"Балаларды емдеу барысында біз көмектесестін боламыз,- деді әкім. - Қаржы облыстық бюджеттен бөлінеді".
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған 76 бала мен 8 әйел анықталды. Жеті бала қаза тауып, біреуін АҚШ отбасы асырап алған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті