Грантты жеңіп алған жобаның басты мақсаты- өзбек мектебін бітірген түлектерге орыс және қазақ тілінде білім беретін жоғары оқу орындарына оқуға түсуге жәрдемдесу болып табылады. Былтыр Хусанов атындағы мектепті бітірген жалғыз бала грантқа ие болса, биыл бұл санатқа ешкім де ілікпей қалды. Ал осы мектептің жалғыз түлегі несиеге ие болды.
Грант қаржысына мектептегілер компьютер, оқулықтар, телевизор және жиҺаз сатып алды. Қаржының қалған бөлігі мұғалімдер жалақысына жұмсалмақшы.
Егер мектеп түлектері арасында жоғары оқу орындарына оқуға түсу мүмкіндігіне қол жеткізгендер қатары ұлғайған жағдайда Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының көмек-жәрдемі одан әрі жалғасады деп күтілуде.