Агенттік ақпаратына сәйкес, 25-маусымда 16 жастағы бозбаланы кене шағып алған. 29-маусымда ол ауруханаға түсті. Ауру ошағында эпидемияға қарсы шаралар қолданылуда.
Қырым қанды безгегі табиғи ошақтан таралатын вирусты дерттердің бірі. Бұл аурудың басты белгілері қызу көтерілу, қан шабу, бас пен бұлшық ет ауыру, ұйқы қашу түрінде көрініс береді.