Оңтүстік Қазақстан облысындағы бір ЖШС өрт шығып, 4 адам зардап шекті

Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің мәліметтерінше, кеше қарашаның 13-і "Ақбозат" ЖШС ауласында өрт шыққан. Нәтижесінде "ПАЗ-677М" автобусы, "ГАЗ-53" және 2 тонналық бензин құйылған сауыт өртеніп кеткен. Оқиға орнындағы 4 адам түрлі деңгейдегі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі кезде өрттен келген шығын көлемі анықталып жатыр. Тілсіз жау төтенше жағдайлар қызметінің күшімен ауыздықталды. Өртті сөндіруге 15 өрт сөндіруші, 3 техника қолданылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті