Оңтүстік Қазақстан облысындағы Бөген су қоймасына дөңмаңдай мен тұқының 890 мың шабақтары жіберілді

Шабақтар облыстық тендерде жеңіске жеткен "Көмешбалық" ЖШС аумағында өсірілген.

Жалпы алғанда 2005-жылы билогиялық тепе-теңдікті сақтап қалу үшін облыстық бюджеттен шабақтарды өсіру және өзендер мен су қоймаларындағы балық санын көбейтуге 8,9 млн. теңге бөлінді.