Оңтүстік Қазақстан облысындағы екі ауылдық амбулаторияға санитарлық машиналар берілді

Әкімнің сапары барысында жергілікті билік өкілдері Састөбе ауылындағы мектеп-интернаттың құрылысын қаржыландыруға қолұшын беруді өтінді. 100 балаға есептелген мектеп-интернат құрылысын салып бітіру үшін 18 млн. теңге қажет. Осындай қаржы бөлінсе, біз жергілікті монша, клуб, мейманхана мен спорт залын да жөндеп береміз деп уәде берді жергілікті әкімдер. Облыс әкімі қажетті қаржыны 2003-жылғы бюджет нақтыланғаннан кейін бөліп беруге уәде етті.

Сондай-ақ, Б.Жылқышиев облыстық сүйек және құрт аурулары ауруханасының жұмысымен танысып, ат спорты мектебінің ашылу салтанатына қатысты. Бұдан соң облыс басшысы Арыс өзенінің арнасын нығайту және тері аурулары диспансерінің құрылыс жұмыстарымен танысып, Сеславино ауылында орта мектеп ғимаратының ашылуына қатысты.