Фестивальға Оңтүстік Қазақстан облысындағы ұлттық мәдени орталықтардың жас жетекшілері, Бейбітшілік корпусы мен "Қазақстан жастары конгрессінің" құрамындағы жастар ұйымдарының өкілдері қатысады. Жалпы саны 70 адам шараға атсалыспақшы.
Фестиваль бағдарламасына сәйкес, теңіз деңгейінен биіктігі 4030 метрді құрайтын Қазақстан жастары конгрессінің шыңына шығу, спорттық жарыстар өткізу, жастар ұйымдарының тұсаукесерін ұйымдастыру, жалпыхалықтық мәдени шаралар өткізу көзделіп отыр.
Өткен жылы еліміздің әр облысынан келген туристер өздерімен бірге бір уыстан топырақ әкеліп, еліміз жастары арасындағы бірліктің нышаны іспетті шың басына шашқан болатын. Ал бұл жолы бүгінгі форумға қатысушылар атынан 2030- жылғы жастарға жолдау салынған капсуланы жасыру шарасы өтеді деп күтілуде.