Оңтүстік Қазақстан облысындағы су астында қалған ауылдарда су деңгейі төмендей бастады

Сырдариядан елді мекендер аумағына су келмейтін болды. Отырар ауданындағы Үштам, Маяқұм, Шеңгелді, Көлқұдық және Балтакөл ауылдарының маңындағы бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғасуда. Сондай-ақ, төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің күштері Түркістан ауданындағы Қызылшаруа, Қожанов және Үсенов ауылдарындағы бөгеттерді нығайтуда. Су көлемін арттыру үшін Шардара ауданындағы алты арнаны тазарту және оның аясын кеңейту жұмыстары жүргізілуде.

Шәуілдір-Балтакөл автожолының 500 метрлік учаскесі әлі де су астында жатыр.
Құтқарушылар су астында қалған елді мекендер аумағын тікұшақпен аралап, 94 отбасына азық-түлік өнімдерін жеткізіп берді.
ҚР қорғаныс министрлігі бөлімшелерінің күш-құралдары тұрақты мекен-жайына қайтарылды.