Оңтүстік Қазақстан облысындағы су көлемі нормаға сай

6-маусымдағы жағдаймен Шардара су қоймасындағы су көлемі 4,611 млрд. текше метрді құрап, былтырғы деңгеймен теңесті. Су қоймасына секундына 500 текше метр су жіберілсе, Сырдариямен төмен қарай 650 текше метр, Қызықұм каналына 5 текше метр су жіберілуде. Облыстағы басқа барлық су қоймаларындағы су көлемі де былтырғыдан төмен.

Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш және Қазығұрт аудандарына су жіберетін Өзбекстан аумағындағы Чарвак су қоймасындағы су көлемі 1,615 млрд. текше метрді құрап отыр. Бұл былтырғы деңгейге тең.
Қазір Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданын сумен қамтамасыз ететін "Достық" каналымен Өзбекстаннан секундына 35 текше метр су жіберілуде.