Ш.Сәтімбетовтың хабарлауынша, бұл - тек алдын-ала мәліметтер ғана. Қазір су басқан аумақтардағы ахуал тұрақтана бастады. Судың арыны қайтты. Аумақтар судан толық арылғаннан кейін арнаулы комиссия құрылып, нақты шығын көлемін анықтайтын болады, деді ол.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ұзындығы 20 шақырымға созылған мұз сеңдердің түзілуі салдарынан Сырдың суы ернеуінен асып, ауылдарға қауіп төндіре бастаған. Отырар ауданында Ешкіқора және Аққұм ауылдары су астында қалды. Су басқан аумақ 550 шаршы шақырымды құрады.