Оңтүстік Қазақстан облысындағы ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны 133 жетті

Оның айтуынша, індетті жұқтырған балалардың ішінде облыс тұрғындарынан басқа да балалар бар. "Індетті жұқтырған екі бала Қазақстанның басқа облыстарынан. Олардың бірі ата-аналарымен бірге Семейден келген, ал екіншісі Алматы облысының тұрғыны",- деп түсіндірді В. Дудник.

Сөйтіп, облыстық СПИД орталығының мәліметтеріне сүйенсек, бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған 133 бала тіркелеген, оның ішінде он бала қайтыс болса, біреуін шетелге асырап алып кеткен, және де індетті 17 ана жұқтырған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті