"Бұл Бірлескен кәсіпорынның ресейлік құрылтайшыларының кепілдік беруі негізінде алынатын несиелік қаржы болмақ",- деді ол. Ю.Демеховтың айтуынша, несиелік желі мерзімі 7,5 жылға созылып, бірлескен кәсіпорын 4,5 жылда жобалық қуатын толық игергеннен кейін ғана қаржы қайтарыла бастайды. "Бұл несиені біз 2011-жылы толық қайтаруды көздеп отырмыз",- деді ол.
Жалпы "Заречное" бірлескен кәсіпорны құрылғаннан бері 1,5 млн. доллар игерілді.
Ю.Демеховтың айтуынша, қазір кеніште ұзындығы 60 шақырымдық электр жалғастыру желісі мен автожолды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, "қазір кенішті жобалау жұмыстары аяқталып келеді, 2004-жылғы шілде айының аяғы мен тамыз айының басында кенішті салу жұмыстарына кіріспекшіміз",- деді Ю.Демехов.
Оның айтуынша, кеніштен алғашқы уран өнімі 2005-жылдың шілде айында алынады. "2005-жылы 80 тонна, 2006-жылы 250-380 тонна уран өндіруді, ал 2007-жылы жобалық қуат - 500 тоннаға қол жеткізуді көздеп отырмыз",- деді Ю.Демехов. Заречное кенішіндегі жалпы уран қоры 19 мың тоннаға бағаланады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бірлескен кәсіпорын құрылтайшыларының қатарында "Қазақатомөнеркәсібі" ҰАК - 45%, "ТВЭЛ" ААҚ (Ресей) - 20%, "Техснабэкспорт" ААҚ (Ресей) - 15%, "Атомредметзолото" ААҚ (Ресей) - 10%, "КГРК" АҚ (Қырғызстан) - 10% бар.