Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Шымкенттегі қорғасын зауытының жабылуы мүмкін екендігін мәлімдеді

"Не қорғасын зауыты өзінің өндірісін экологиялық нормаларға сәйкестендіреді , немесе, біз оны мүлдем жабамыз. Онда 500 адам жұмыс істейді, бірақ, бір миллион тұрғыны бар қала 500 отбасынан болып денсаулығын құрта алмайды", -деді Н. Әшімов.

Облыс әкімінің айтуынша, әкімшілікте қорғасын зауытынан оңтүстікке қарай орналасқан бұрынғы Комсомольское көлінде демалыс аймағын қайта құру жобасы қаралған.

"Біз ұзындығы 16 шақырымдық су құбырын Комсомольское көліне дейін тарту үшін ақша бөлдік. Бірақ артынан біз барлық жоспарымызды өзгертуге мәжбүр болдық. Сараптама жасаған кезде топырақтың сыртқы 40 сантиметрлік қабаты қорғасын мен мырыш қалдығынен тұратынын анықтадық. Яғни, су құбырын тартуға бөлген 600 млн теңгеге біз қорғасын мен мырыштан тұратын сұйықтық алмақпыз", -деді облыс әкімі.

Жоғарғы 40 сантиметрлік қабатты алып, зарарлы жерді көму ұсынылды. Алайда, мамандар қорғасын зауыты жұмыс істеп тұрған кезде тазарту жұмыстарын жүргізудің мәні жоқ деп қарсылық білдірді.

Ал Шымкент үшін Ташкентке қарай оңтүстік бағытта дамудан өзге мүмкіндік жоқ. Жер мен суды ластап отырған қорғасын зауыты оңтүстік аймақта тұрғын үй құрылысын салуға кедергі келтіруде.

Әзерге қорғасын зауыты құрамына кіретін "Южполиметалл" АҚ басшылығының бұл мәселеге қатысты көзқарасы беймәлім. Кәсіпорынның баспасөз қызметінің Қазақстан Бүгін тілшісіне хабарлағанындай, "облыс әкімі Нұрғали Әшімовтың сөзіндегі ақпарат қазір зерттеліп, оған жауап дайындалып жатыр".