Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі үстіміздегі жылдың қазанына дейін аймақтың барлық аудан орталықтарын ауыз сумен қамсыздандыруды тапсырды

"Бірінші қазанда барлық аудан орталықтары тәулігіне 24 сағат су алуға тиіс - мақсатымыз міне, осындай",- деді Өмірзақ Шүкеев. Қазіргі уақытта Ордабасы, Шардара аудандарының аудан орталықтарында, сондай-ақ Кентауда, Түркістанда және тағы бірнеше елді-мекендерде ауыз су белгілі бір сағатпен ғана беріледі.

Облыс басшысы аудан әкімдеріне сын тақты. Оның пайымдауынша, олар бағдарламаның орындалуына қажетті күш салмай отыр. "Аудан әкімдері соңғы кездері үлкен бастыққа айналды. Бұл біздің осал жеріміз. Су жөніндегі бұл міндеттерге ешкім де терең бойламайды және түсінбейді. Сумен қамсыздандыру - бұл сіздердің парыздарыңыз екендігін түсінулеріңіз қажет. Сіздер осы үшін тікелей жауапкершілік жүктейсіздер",- деп атап көрсетті Өмірзақ Шүкеев.

Бұрын да "Таза су" бағдарламасын орындау барысындағы көптеген заң бұзушылықтар туралы бірнеше рет айтылған. Атап айтқанда, облыстық прокуратураның тексеру материалдарына сәйкес бағдарламаны жүзеге асыру барысында Оңтүстік Қазақстан облысының 15 әкімшілік бірлігінің (аудандар мен қалалар) 14-нен заң бұзушылық анықталған. Облыс прокуроры Марат Ахметжановтың ақпараттарына сүйенсек, атқарылмаған жұмыстарды көрсету, жоба-сметалық құжаттамадан жалтару, бұрын қолданылған құрылыс материалдарын пайдалану деректеріне жол берілген. Мемлекеттік комиссияның пайдалануға қабылдаған он екі нысанының үш су құбыры жарамсыздығына байланысты пайдаланылмайды.

Оңтүстік Қазақстан облысының энергетика және коммуналдық шаруашалық департаментіндегілердің хабарлауынша, 2004 - 2010 жылдарға арналған "Таза су" бағдарламасына 28 182 млн теңге жұмсалады деп жобалаған болатын, оның 15 051 млн - республикалық бюджеттен және 13 131 млн теңге облыстық бюджеттен. 2004 - 2006 жылдарда 6069 млн теңге игерілген, оның ішінде 4371 млн теңге - республкалық бюджеттен және 1698 млн теңге - облыстық бюджеттен.

Департамент материалдарына сәйкес, 2004 жылдың 1-қаңтарындағы жағдаймен облыстың 900 елді-мекенінің 323 (8 қала, 10 посел және 305 ауыл) су құбырымен жеткізілетін сумен қамсыздандырылған, 138 елдімекеннің тұрғындары тасымал суды пайдаланған. 2007 жылдың басында су құбырымен 370 елдімекен қамсыздандырылған; жергілікті көздің суын пайдаланатын елдімекендердің саны 439-дан 409-ға дейін, ал тасымалданатын сумен қамсыздандырылатындар - 121-ге дейін азайған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті