Оңтүстік Қазақстан облысының арнаулы қызметтері 50 килограммнан астам героин партиясын айналымнан шығарды

Оның айтуынша, 22-ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданы Шақпақ ауылында бір жолаушысы мен жүргізушісі бар "Опель" автокөлігі ұсталды. Арнаулы қызмет қызметкерлері көліктің артқы орындығының үстінен ішіне 50 килограмм героин салынған 51 дорбаны тапты.

Шымкентте тұратын 40 жастағы жүргізуші мен 24 жастағы жолаушы ұсталды.

Департамент қызметкерлерінің алдын-ала мәліметтеріне сәйкес, героин Тәжікстаннан әкелінген, оны бұдан әрі Алматыға жеткізу көзделіпті.

Бұл дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті