Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 19 шілдеде 14 сағат 53 минутта қырман жабдықтары мен ұн қойылған қойма ғимаратының шатыры өртенді. Өрт аумағы 1680 шаршы метрді құрады. Құрбан болғандар мен зардап шеккен ешкім жоқ.
Өрт 18 сағат 40 минутта ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 41 адамы мен 3 техникасының және Арыс бекетінің темір жол бекетінің пойызының күшімен сөндірілді. Шығын көлемі анықталу үстінде.