"Үстіміздегі жылы мемлекетіміз төленетін субсидия мөлшерін 2 млрд 500 млн теңгеге дейін өсірді. Біз өткен жылы 1 млрд 840 млн теңге алғанбыз",- деп хабарлады Мәриям Махатова.
Оның сөздеріне сүйенсек, мемлекеттік дотацияның басым бөлігі бұл жанар-жағармай мен минералдық тыңайтқыштарды жеңілдікпен қаржыландыруға бағытталады. Осы мақсаттарда 1 млрд 414 млн теңге қарастырылған. Өткен жылы осы бағдарлама бойынша 672 млн теңге бөлінген болатын.
Сонымен қатар, мемлекеттік дотация тағы жеті бағдарлама бойынша бөлінеді, атап айтсақ, асыл тұқымды мал шаруашылығы, элиталы тұқым шаруашылығы, егін суаруға арналған су жеткізілімі, ауыз су жеткізу, құс шаруашылығының өнімділігін арттыру, мақта-талшықтарын сараптау, сонымен қатар Қазақстанның оңтүстігі үшін жаңа - жүзім және жеміс-жидек дақылдарын отырғызу. Соңғы бап бойынша мемлекет ауыл шаруашылығының өнім өндірушілеріне 512 млн теңге көлемінде кемек көрсетуді қарастырған.