Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 20-ақпанда облыс әкімі Болат Жылқышиев қардан зардап шеккен елді мекендерді аралай бастады.
Әкім алдымен Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек ауданы Шақпақ ауылына барды. Қардың қалыңдығы 1,5 метрге жеткен ауылға жету үшін әкімге джип, ауыр жүк көлігі мен қарда жүретін машинаны қатар пайдалануға тура келді. Сапар барысында әкім қардың астында қалған бірнеше үйге бас сұқты.
Ал бүгін таңертең әкімнің өтінішімен Бәйдібек ауданына 6506 әскери бөлімшенің жауынгерлері жіберілді. Олар жолдарды қардан тазарту, үйлерді қар құрсаудан босатуға жәрдемдеседі.