Оңтүстік Қазақстан облысының диқандары мақта жинауға кірісті

«Қазіргі таңда облыстың бес ауданында мақта жинау науқаны қарқынды түрде жүріп жатыр», - деп хабарлайды облыстық Ауыл шаруашылық басқармасы.

Бүгінгі күнге дейін өңір диқандары 52 мың тонна мақта шикізатын жинап алды.

Басқарма мәліметінше, биыл облыста 126,5 мың гектар алқапқа мақта себілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,5 мың гектарға кем. Былтыр оңтүстік өңір 396 мың тонна мақта жинап алған болатын.