Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, контрабандалық жүк 1 тамызда Стамбул-Шымкент бағытындағы халықаралық рейспен келген ұшақты тексерген кезде табылған.
"Жеке тексеру кезінде 42 және 39 жастағы екі әйелдің киімдерінің қалтасынан кедендік бақылаудан жасырылған зергерлік бұйымдар табылды. Біреуінен табылған бұйымдардың салмағы 1 килограмм 784 грамм, екіншісінікі - 3 килограмм 786 грамм болған", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің "Экономикалық контрабанда" жөніндегі 209-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.