Оңтүстік Қазақстан облысының медициналық мекемелерінің басшылары кәсіби тұрғыда жарамдылық аттестациясынан өтеді

"Оңтүстік Қазақстан облысының медициналық мекемелерінің басшылары кәсіби тұрғыда жарамдылық пен біліктілік аттестациясынан қараша айында өтеді",- деді министр.

Министрдің айтуынша, "Оңтүстік Қазақстан облысында қалыптасқан ахуалға әсер еткен бір себеп - медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігінің төмендігі болмақ. Ауырған балаларды емдеуді ұйымдастыруда дәрегерлер тарапынан өрескел қателіктер жіберілген".

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Оңтүстік Қазақстан облысында 5 жасқа дейінгі 76 баладан ВИЧ індеті анықталды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті