Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында XVIII ғасырдағы көне Құран табылды - телеарна

Сайрам тарихи мұражайының директоры Мирахмат Мирхайдаров журналистерге Құоанның табылу жайын айтып берді. "Бұл Құранды біздің ауылдың тұрғыны тауып алып бізге әкеліп берді. Ол оны өз үйін бұзған кезде қабырғадан тауып алған", - деді М. Мирхайдаров.

Мұражай директорының пайымдауынша, Құран XVIII ғасырдың 30-шы жалдарында жазылған. "Қағаздың құрамы мен жазылу стиліне қарай біз кітапты жергілікті каллиграф XVIII ғасырда жазған деп болжап отырмыз", - деді ол.