Оның айтуынша, есепшоттарды пайдалануға тыйым салуға бюджеттік ұйымдардың салық түсімдері бойынша берешегінің артуы түрткі болған. Қазіргі жағдаймен бюджетке берешек мөлшері 71,5 млн. теңгені құрайды, оның 20млн. теңгесі - зейнетақы аударымдағы бойынша берешектер. Аталмыш қаржының 17 млн. теңгесі салық төлеу мерзімін кешеуілдетуге байланысты төленетін өсімпұл құрайды. Ал аудандық қаржы бөлімі бюджеттік ұйымдардың есепшотына ай сайын 32-33 млн. теңге аударып отырады. Сөйтіп, бұл қаржы екі ай бойына тек қарызды жабуға жұмсалмақ.
П.Денисовтың пайымдауынша, салықтың төленбей келуіне бюджетті ұйымдар кінәлі емес. Оған себеп, бұл мекемелер аудандық қаржы бөлімі тарапынан дер кезінде қаржыландырылмаған. Алайда, ендігі жерде қалыптасқан ахуалға байланысты бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері екі ай бойы жалақыдан қағылатын болды. Сондай-ақ, мектеп мұғалімдері демалыс уақытына берілетін жалақыны алу мүмкіндігінен айрылды.