"Оңтүстік Қазақстан облысының Шардара аудандық салық комитетінің бас маманын қаржы полициясының қызметкерлері 50 мың теңге көлемінде пара алу үстінде ұстады. Бұл ақшаны ол аудан тұрғынынан 220 мың теңге көлеміндегі салық берешегін жасыру және Шардара ауданының Достық ауылында орналасқан "Ақниет", "Ақжан" және "Тоғжан" шаруа қожалықтарына салық берешегі жоқ деген анықтама беру үшін алған", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Қазір салық комитетінің қызметкері қамауға алынып, оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабының 2-тармағы (лауазым иесінің пара алуы) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.