"Бұл - біздің ауданда соңғы 70 жылда алғаш рет салынып отырған денсаулық сақтау нысаны,- деді аурухананың бас дәрігері Аманкүл Қанатова. - Бұрынғы аурухана 1932-жылы салынған".
А.Қанатованың айтуынша, аурухана бес жыл бойы салынды, кейінгі екі жылда құрылыс жұмыстарына студенттік отряд мүшелері жүмылдырылды. Нысан құрылысын салу облыстық бюджеттен қаржыландырылды. Аурухана қазіргі заманғы медициналық жабдықтармен жабдықталған. Оның перзентхана бөлімін жабдықтауға арналған 6,5 млн. теңге көлеміндегі қаржыны "Қазақатомөнеркәсібі" ұлттық компаниясы бөлді. Жаңа аурухана Созақ ауданының тұрғындарын қазіргі заманғы медициналық көмекпен толық қамтамасыз ете алады.
Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданында 51 мың адам тұрады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті