"1 тамыздағы жағдаймен жұмыс комиссиясы Сарыағаш ауданында 937, Ордабасы ауданында 16, Арыста 145 нысанды қабылдады", - деді оңтүстік Қазақстан облысы бойынша төтенше жағдайлардың зардабын жою және қалпына келтіру дирекциясының жетекшісі Нұржан Құрманбеков.
Бұдан бұрын хабарланғанындай, ОҚО ақпан айында 106 мың адам тұратын 49 елді мекен су тасқынынан зардап шекті. Облыс бойынша 3246 тұрғын үй, тоғыз мектеп, 59 көпір зардап шегіп, облыстық және аудандық маңызы бар 103 шақырым автожолды су шайып, 170 гектардан астам егіс алаңы, 12 шақырым газ құбыры, 106 шақырым элект р жалғастыру желісі, 269,7 шақырым суару құрылғыларын су шайып кетті.
Шығын анықталған соң 1662 үйді жаңадан салуға, 453 үйге күрделі жөндеу жүргізуге, жеті мектепті салуға, екі мектепті күрделі жөндеуге шешім қабылданды.
Зілзала зардабын жоюға мемлекет 9 млрд 348 млн теңге, жергілікті бюджеттен 2 млрд 526 млн теңге бөлінді. Қайырымдылық мақсатта да ауқымды қаржы жиналды.