Оңтүстік Қазақстан облысының табиғат қорғау прокуратурасы PetroKazakhstan компаниясының үстінен шағым берді

Ә.Мұстафаевтың айтуынша, мұнай өңдеу зауытының аумағында 4 мың тоннадан астам сұйық өндіріс қалдықтары жинақталып қалған. Соған қарамастан, компания басшылығы оны пайдалы жарату бағытында еш қадам жасамай отыр. Былтыр табиғат қорғау прокуратурасы PetroKazakhstan Oil Products компаниясынан 23 млн. теңгенің шығынын өтеп беруді талап еткен. Бұл талап толық орындалғанымен, зауыт аумағындағы қалдықтар сол қалпында қала берді. 2005-жылдың ақпан айында табиғат қорғау прокуратурасы 19 млн. теңгенің қосымша талап шағымын түсірді. Бұл шағым бойынша сот отырысы 10-наурызда өтуге тиіс.