Оңтүстік Қазақстан облысының Төле би ауданындағы ахуал тұрақтанды

Оның айтуынша, "28 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысының Төле би аудандық ішкі істер бөліміне Маятас ауылының бір тұрғыны өзінің 4 жасар ұлына жыныстық зорлық жасалғанын айтып шағымдана келген". "Бұл дерек бойынша 1991 жылы туған кәмелеттік жасқа жетпеген жергілікті тұрғын анықталып ұсталып, сол күні жергілікті уақытша тергеу абақтысына қамалған", - деді ІІМ өкілі. "Бұл оқиға халық арасында толқу тууына апарып соққан, оның ақыры қоғамдық тәртіпті бұзуға қатысты жекелеген оқиғалардың шығуына түрткі болған, яғни, жергілікті тұрғындар өз беттерімен әділеттілік орнатпақ болған", - деді ол.

ІІМ-нің мәліметінше, 7 оқиға тіркелген, соның салдарынан бір үй, екі жеркепе, бір гараж, шаруашылық жайлары, төрт автокөлік пен бірнеше мая шөп өртелген. Сонымен бірге екі жергілікті тұрғын соққыға жығылған. "Қоғамдық тәртіпті бұзу әрекеттеріне тосқауыл қоймақ болған үш тәртіп сақшысы жарақаттанды", -деді Б. Қожахметов. ІІМ-нің мәліметінше, болған деректер бойынша басқаның мүлкін қасақана жойып жіберу, бұзақылық және зорлық-зомбылық жөніндегі баптар бойынша үш қылмыстық іс қозғалды. "Барлық қылмыстық істер бір қылмыстық іске біріктірілді", - деді Б. Қожахметов.

Оның айтуынша, қоғамдық тәртіпті сақтау және басшылықтың іс-әрекетін үйлестіру үшін Оңтүстік Қазақстан облысында уақытша оперативтік штаб құрылып, оны облыс әкімінің бір орынбасары басқаратын болды. "Халықтың 11 жиыны өтіп, оған 2 мыңнан астам азамат қатысты", - деді ІІМ өкілі.

"Бүгінгі күнге Оңтүстік Қазақстан облысының Төле би ауданындағы, соның ішінде Маятас ауылындағы ахуал тұрақтанды және ол толық бақылау астында", -деп сендірді Б. Қожахметов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті