"Төле би ауданындағы ахуалдың тұрақталуына байланысты, басқа бөлімшелерден тартылған қызметкерлердің бір бөлігі өздірінің тұрақты орындарына қайтарылды. Қазіргі уақытта Төле би ауданының күрд ұлтының өкілдері тұратын 21 елдімекенінде қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз етуге 363 ішкі істер қызметкерлері, 57 арнайы көлік жұмылдырылған",- деп хабардар етті баспасөз хатшысы.
"Қызмет атқарудың күшейтілген режимі сақталуда, күзет екі ауысыммен, тәулік бойы жүргізілуде",- деп түсіндірді С. Қаракөзова.
Бұрын хабарлағанымыздай, 1-қарашаға қараған түні Төле би ауданының Маятас аулында тәртіпсіздік орнап, бір үй, екі жертөле, гараж, қора, төрт жеңіл көлік, бірнеше мая шөп өртенген болатын. Сонымен қатар, жергілікті екі тұрғын соққыға жығылып, қоғамдық тәртіпсіздіктердің алдын алу барысында үш полицей зардап шеккен.
Төле би ауданындағы ахуалды тұрақтандыру үшін мыңнан астам полицей жұмылдырылып, олар тәулік бойы кезекшілік атқарған болатын.
Қазіргі уақытта бөтен мүлікті қасақана жою, бұзақылық, зорлау сияқты баптар бойынша үш қылмыстық іс қозғалып, бір іске қосылған. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, 18 адам ұсталып, олар ешқайда шықпау туралы қолхатпен босатылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті