Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғынына қойылған қырым-конго қанды безгегі деген диагноз расталмады

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Созақ ауданы Шолақ Қорған ауылының 60 жастағы тұрғыны 31-наурызда жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.

7-сәуірде жүргізілген қырым-конго қанды безгегіне қатысты зертханалық талдау кері нәтиже көрсетті.