Шымкентте «Оңтүстік Қазақстан облысындағы тарихи және мәдени мұраларды жастар арасында насихаттау» атты ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Конференция жұмысының қорытындылары бойынша жастар белсенділері аймақтағы халыққа арнап үндеу қабылдады.
«2004 жылы ҚР Презденті Н.Назарбаевтың бастамасы бойынша ата-баба мұраларын зерттеу басталды, Қазақстанның тарихында ерекше орны бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қайта құрастыру жұмыстары атқарылып, туған тілімізде ұлттық әдебиет үлгілері жарыққа шықты», - делінген үндеуде.
Сондай-ақ үндеу мазмұнында ОҚО жастары «Мәдение мұра» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы бойынша белсенді жұмыс атқарып жатқаны айтылған. Конференцияға қатысушылар отандастарын Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбевтың ұлтаралық келісім мен діни толерантылықты нығайту, мәдени және тарихи мұрағаттарды насихаттау мен оларды сақтау жөніндегі саясатын қолдауға шақырды.