Оңтүстік Қазақстан , Шығыс Қазақстан , Қарағанды және Ақтөбе облыстарында төрт далалық өрт шықты, бір адам қаза тапты

ТЖМ мәліметінше, Ақтөбе облысының Шалқар ауданы Шетырғыз ауылдық округінде аудан орталығынан 130 шақырым жерде Қаратоғай ауылында 29 шілдеде сағат 16.30-да дала массиві өртенді. Өрт 30 шілдеде сағат 17.30-да 1560 гектар аумақтан сөндірілді.

Сондай-ақ, Қарағанды облысы Саран қаласы Ақтас ауылында 31 шілдеде сағат 13.09-да өнеркәсіптік нысан маңында дала массиві өртенді.

Шығыс Қазақстан облысының Катон-Қарағай ауданында Зырянов МБ, Быков орман шаруашылығында 29 шілдеде сағат 16.40-та дала массиві өртеніп, өрт аумағы 379 гектарды құрады.

Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек ауданы Ақбет ауылында 31 шілдеде сағат 17.15-те дала массиві өртенді.