Оңтүстік Қазақстан және Пенза облыстары өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қоймақшы

Ресми өкілдердің сапары 30-қыркүйекке дейін созылады. Қазақстандағы Ресей жылы аясында өткізіліп отырған бұл сапардың мақсаты Оңтүстік Қазақстан және Пенза облыстары арасындағы қарым-қатынастар аясын кеңейту және оны нығайту болып табылады.

Сапар барысында өкілдер Оңтүстік Қазақстан облысының әкімімен жүздесіп, аймақтар арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюы, Пензалық әртістердің қатысуымен салтанатты біріккен концерт ұйымдастыру көзделген.
Ресми өкілдердің Оңтүстік Қазақстан облысына сапарынан кейін облысқа пензалық кәсіпкерлер де ат басын тірейді деп күтілуде. Кәсіпкерлердің сапар бағдарламасына сәйкес, пензалық кәсіпорындардың өнімдерінен көрме ұйымдастырылып, Оңтүстік Қазақстан облыстық сауда-өнеркәсіп палатасы мен "Шымкент-Сура" Сауда үйінің басшылығымен кездесулер өтеді.