ТЖМ ақпараты бойынша, Қарағанды облысының Қарағанды қаласының Қызыбек би атындағы ауданында 25 мамырда 14 сағат 45 минутта суға түкен 37 жастағы ер адам суға батып кетті. Оның денесі судан құтқару қызметінің күшімен 27 мамырда 10 сағат 25 минутта шығарылды, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, Жезқазғанның Кеңгір су қоймасында (Қарағанды облысы) 27 мамырда сағат 20.00 тегі еуропалық 20-25 жасар ер адам суға батып кетті. Судан құтқару қызметі ер адамның денесін 20 сағат 15 минутта судан шығарып алды.
Сол күні Жезқазғандағы Айнакөл көлінде 20 сағат 05 минутта суда жүзу кезінде 28 жастағы ер адам суға батып кетті. Оның денесі сағат 21.00 судан құтқару қызметінің күшімен шығарылды.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің ақпараты бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданының Жетісай қаласында (Достык арнасы) 26 мамырда сағат 16.00 суға түскен 13 жасөспірім суға батып кетті. Оның денесі 20 сағат 30 минутта судан құтқару қызметінің күшімен шығарылды.