Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында жол полициясы басқармасының басшылары ауысты



Бүгін ОҚО ІІД жол полициясы жеке тобына жаңа басшы ретінде, бұрын ОҚО Арыс ішкі істер басқармасы бастығы қызметін атқарған Сырым Абдуллаев таныстырылды.

ОҚО Жол полициясы басқармасы бастығы қызметінде бірнеше ай істеген Сұнғат Тіленшин Жамбыл облысы жол полициясы басқармасын басқаратын болады. Бұл тағайындаулар ҚР ІІМ жүргізіп жатқан жол полициясы басқармасы жетекшілерінің жоспарлы ротациясы аясында жүзеге асырылуда, деп хабарлайды баспасөз-қызметі