Оңтүстік Қазақстанда 8-сынып оқушысын зорлаған өзбекстандық ұсталды


Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте ведомствоның ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының полиция бөліміне қыз баланың анасы келіп, бейтаныс адам олардың үйіне жасырын түрде кіріп, 8-ші сыныпта оқитын қызын зорлап кетті деп хабарлаған. Полицияның учаскелік инспекторлары мен АІІБ жедел тобы дер кезінде «ізін суытпай» Өзбекстан Республикасының 24 жастағы азаматын қолға түсірді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды.