Оңтүстік Қазақстанда бетперде киген бір топ қыз қарақшылық шабуыл жасады

Бұл туралы Otyrar.kz хабарлады. 

Оқиға орнына шұғыл тергеу тобы аттанады. Анық болғаны, түнгі сағат 23:30 кезінде бетперде киген үш қыз кеңсеге баса-көктеп кірген. Олар осында жұмыс істейтін қыздарды пышақ секілді суық қарумен қорқытып, кассадан 350 мың теңгені алған. Содан кейін қашып кетіпті.

Дегенмен, тонаушы қыздардың әрекеті букмекерлік кеңседегі бейнекамераға жазылып қалған екен. Сондағы видео мен өзге айғақты пайдаланған шұғыл қызметкерлері көп ұзамай күдіктілерді ұстады.

Олар облыстың тұрғындары болып шықты. Жастары 29 бен 25 арасында. Күдікті қыздардан 30 мың теңгеден астам ақша табылып, айғақ ретінде тәркіленді.


Қазір осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 192-бабы бойынша (қарақшылық) іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.