Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі таратқан бүгінгі хабарламаға сәйкес, бейсенбі күні Сайрам ауданының тұрғыны "ВАЗ-21061" көлігімен 20 және 23 жастағы екі өзбек азаматын қағып кеткен.
Олардың бірі сол жерде тіл тартпастан өліп кеткен.
Екінші адам ауруханаға түскен.
Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.