ТЖМ мәліметтері бойынша, Оңтүстік Қазақстандағы Арыс қаласында көп пәтерлі үйдің бірінде пайдалану техникасының тәртібі сақталмағандықтан газ баллоны жарылып, ауаға таралған газ қоспасы жанды. Соның салдарынан екі адам 1 дәрежелі күйікке шалдығып, ауруханаға жеткізілді.
"Жарылыстың салдарынан жеті пәтердің есіктері істен шығып, бір пәтердің терезе әйнектері сынды ", - деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметіндегілер.