Оңтүстік Қазақстанда газдың жарылысынан 19 адам күйікке шалдықты - ТЖМ

ТЖМ ақпаратына сәйкес, 17 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысының Орманшы ауылындағы жай үйде жер асты газ құбырынан (диаметрі 159 мм) табиғи газ шығу салдарынан 48 шаршы метр аумақта газды-ауалы қоспа жарылды. Соның салдарынан 19 адам орта дәрежелі күйікке шалдығып, ауруханаға жатқызылды.

"Үй конструкциясы бұзылған жоқ, терезе әйнектері сынды", - деп хабарлайды ТЖМ.