Оқиға 2-қаңтар күні Еңбек селосында болған, деп хабарлады бейсенбіде Түлкібас ауданы прокуратурасынан.
Ойын аяқталған соң жергілікті тұрғын көкпарға қатысқан 26-жастағы жігітпен ерегесіп қалып, оның атына оқ атқан, ат сол орында өліп кетті, бір аттың алдыңғы тұяғына оқ тиді.
Оқ атқан жігіт ол жерден кетіп қалып, жарты сағатта қайтып келген де,енді шабандозға оқ атқан. Алынған жарақат салдарынан жігіт ауруханаға жетпестен қаза болды, деді прокуратурадан.
Күдікті жігіт екі күннен соң ұсталды, оған адам өлтірді деген айып тағылып отыр.