Оңтүстік Қазақстанда мерекелік шараларды өткізуге тыйым салынды

деп хабарлайды BAQ.kz «Жебе» ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың шешімімен облыстағы барлық мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда кез келген сипаттағы мерекелік шаралар өткізілмейтін болды. Әкім қайғылы оқиғаға байланысты жаңа жылға қатысты өткізілетін іс-шараны тойламауды тапсырды. «Бұл тапсырма тікелей мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарға қатысты болғанымен, жекеменшік мекемелердің де мұндай шаралардан бас тартқаны абзал. «Қайғыны ер көтереді, қазаны ел көтереді» дейді қазақ халқы. Ел тыныштығын күзетіп жүрген азаматтардың мерт болуы баршамыздың ортақ қайғымыз. Сондықтан, азаматтар әкімнің бұл шешіміне түсіністікпен қарайтын болар деген үміттеміз»,- деді облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары-баспасөз хатшысы Берік Уәли.