Оңтүстік Қазақстанда мұрағат қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды

«Интерфакс-Қазақстан» агенттігіе облыстық прокуратура арнайы прокурорлар басқармасының басшысы Асқар Айымбетов мәлімдегендей, мұрағат қызметін тексеру барысында облыстық прокуратураның мемлекеттік органдар қызметінің заңдылығын қадағалау басқармасының қызметкерлері аймақ тұрғындарына жер телімдерін беру туралы он жалған қаулы анықтаған.

А.Айымбетовтың айтуынша, «жалған құжат жасау» бабы бойынша іс қозғалған.