Оңтүстік Қазақстанда полиция мен ҰҚК 8 адамды ұстады

 Оңтүстік Қазақстан облысында экстремистік мәндегі материалдар таратқан 8 азамат ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"10 мамыр күні жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ОҚО ІІД және ОҚО бойынша ҰҚКД қызметкерлері бірлесе отырып, бірқатар ауданда экстремистік идеология туралы аудио және бейнежазбаларды таратқаны үшін 8 адамды ұстады", — деп хабарлады ОҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.


Экстремистік материалдар таратқан 8 адам ұсталды

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің "әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Күдіктілер қамауға алынды.