Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ер адам Мақтаарал ауданында "Сапар" базарының маңында шұғыл іздестіру шараларының барысында ұсталған. Одан 930 грамм героин салынған полиэтилен дорба табылды. Ұсталған бұл есірткіні Өзбекстаннан таныс тәжік азаматының өтінішімен 300 доллар үшін әкелгенін жеткізді.
Бұл дерек бойынша Оңтүстік Қазақстан облыстық кедендік бақылау департаментінің контрабандамен күрес басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 250 бабы, 1 тармағы бойынша (айналымнан шығарылған заттардың немесе айналымына тыйым салынған заттардың контрабандасы) қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары жүргізуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті