Оңтүстік Қазақстанда қырым қанды безгегінен бір әйел көз жұмды

34 жастағы әйел 21 шілде күні ауруханаға түскен болатын. 22 шілдеде дәрігерлердің облыстық консилиумы «қырым қанды безгегі» диагнозын растады.

Індет анықталған ошақта қазір зарарсыздандыру шаралары жүргізіліп жатыр. Марқұммен қарым-қатынаста болған 6 адам дәрігерлердің бақылауында.